Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қыркүйек, 2020

972

Қызылорданың Достық үйінде алғаш рет татарча диктант өтті

Қызылорданың Достық үйінде алғаш рет облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен татар тілінде диктант өтті. Диктант жазуға барлығы 15 адам қатысты, олардың ең кішісі – 13 жаста, ең үлкені – 81 жаста.


Бұл іс-шара Дүниежүзілік «Татарча диктант» білім акциясына бағытталған болатын. Диктант мақсаты - сауатты жазуға деген қызығушылықты арттыру, татар әдеби тілін меңгеру, өзіндік орфографиялық және грамматикалық сауаттылықты байқау.

Диктант мәтіні татар жазушысы Афзал Шамовтың туындыларына негізделген. Мәтінді жоғары санатты орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Наиля Назырова оқыды.

Акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, қатысушылардың барлығы тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.


Кейін қарай