Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Сәуір, 2024

88

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті

Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша «Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті.


ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру және «Жүректен жүрекке» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Республика бойынша ҚХА-ның 9,8 мыңнан астам еріктісі жұмылдырылған. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккен өңірлерге 212,3 тонна азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарларды, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам қаржылай көмек жіберді.

ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп, жүкті жеткізіп, құтқарушыларға көмектеседі және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпаратты жариялайды.



Кейін қарай