Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2024

89

«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті


Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласының триатлон федерациясы, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп 2024 жылғы 28 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафонын ұйымдастырды.


«Бірлік жүгірісі» – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидасы бойынша ұлттық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға бағытталған, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараларының бірі.


Спорттық жарысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, республикалық және астаналық этномәдени бірлестіктердің, жастар және еріктілер ұйымдарының, спорт федерацияларының, жүгіру клубтарының өкілдері, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.


«Бірлік жүгірісі»  бір мезгілде еліміздің 15 өңірінде басталып, салауатты өмір салтын қолдайтын 15 мыңға жуық спортшыны жинады.


Жарыста қатысушылар жартылай марафондық қашықтықты, 
21, 10 және 5 км қашықтықты еңсерсе, ең жас спортшылар 1 км қашықтыққа жарысты. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальға ие болды. Жеңімпаздар жас санаттары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Жарыс аясында барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, кәсіби төрешілер төрешілік етті. 


«Бірлік жүгірісі» жарысы еліміздің барлық өңірлерін қамти отырып, жыл сайын өткізіледі.

Кейін қарай