Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2024

78

Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті


Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қонаев қаласында жүгіруден марафон өтті. 

Марафонды Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы спорт басқармасымен және спорттық-бұқаралық іс-шараларды дамытудың өңірлік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.



Оған спорт қоғамының, этномәдени орталықтардың өкілдері, облыс орталығы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қатысты. 

Спорттық іс-шара  аймақ халқынан қолдау тауып,  3 шақырымнан астам қашықтыққа жүгіруге 300-ге жуық адам қатысты.

Айта кетейік, әйелдер арасында «Қонаев кәрістерінің этно-мәдениеттік бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілі Галина Ким бірінші орынға табан тіреді.


Кейін қарай