Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2024

87

Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Астана қаласының Достық үйінде «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзі аясында «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Астана қаласының беларусь мәдени орталықтары «Родны кут» қауымдастығының төрағасы Дмитрий Останькович, «Беларусь» этномәдени орталығының төрағасы Алексей Цеховой, «Радзима» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мария Татаренко, облыстық «Журавинка» беларусь мәдени орталығының төрағасы Жанна Третьяк, Маңғыстау облысының беларусь этномәдени бірлестігінің төрағасы Галина Гусеинова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту ісіне беларусь мәдени орталықтарының белсенді қатысуын, қазақ тілін ілгерлету, сондай-ақ гуманитарлық даму және қоғамдағы әлеуметтік проблемалармен күресу мәселелерін талқылады.

Іс-шараны беларусь мәдени орталықтарының «Родны Кут» қауымдастығы ұйымдастырды.

Кейін қарай