Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Сәуір, 2024

90

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті

2024 жылғы 3 сәуір күні сағ. 11.00-де ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырумен «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өткізілді.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың 2024 жылғы үшінші отырысында атап өткен мемлекеттік тілдің тұғырын нығайтуда нақты іс жүргізу туралы тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Г.Шиповских, ҚР МАМ ЭҚДК, ҚР ҒЖБМ «Тіл-Қазына» ҰҒПО өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ басшылары/орынбасарлары мен тіл жобаларына жауапты қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің және Достық үйлері жанындағы мемлекеттік тілді үйретуші жобалардың жетекшілері, ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және т.б. ниет білдірушілер, барлығы 100-ге тарта адам қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тіліне айналуы әлеуетін арттыру бағытында Ассамблея аясында атқарылатын жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу және мәселелерді талқылау, ой бөлісу, сондай-ақ «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның мемлекеттік тілді үйрету саласындағы ІТ-жобаларымен таныстыру.

ZOOM-конференцияны ҚР МАМ ЭҚДК «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.С. Масагутова жүргізді.

Модератор кіріспе сөзінде мемлекеттік тілді ілгерілету – біздің ортақ міндетіміз деп атап өтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру елдің бірлігін нығайтуға маңызды ықпал ететініне баса назар аударды.

Сонымен қатар, модератор Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы жобаларына қысқаша тоқталып, олардың әлеуметтік әсерімен нәтижелілігі туралы және алдағы уақытта осы бағытта Ассамблея аясында атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады.

Отырысқа қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР МАМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г.Г. Шиповских өз сөзінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында атқарылған ауқымды да абыройлы жұмыстарға тоқтала келе, қазіргі жастардың сұранысына ие болатындай креативті индустрияны (фильмдерді дубляждау, комикстер мен подкасттар түсіру және т.б.) дамыту қажеттілігіне назар аударып, оның мемлекеттік тілдің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің бас сарапшысы С.В. Крюгер қатысып, Мемлекеттік тілдің елді біріктіруші рөлін нығайту – бүгінгі күннің талабы екенін, сондай-ақ министрлік тарапынан осы салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Қоғамдық келісім РММ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум аясында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша биылғы жылы бірқатар жобаны бірлесе іске асыру жоспарланып отыр.

Іс-шараға ҚР ҒЖБМ Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы М.Бақытқызы қатысып, қазақ тілін оқыту бойынша IT-жобалармен таныстырды. Спикер «Тіл-Қазына» орталығының негізгі заманауи жобалары туралы, атап айтқанда, «Sozdikqor.kz, «Termincom.kz», «Emle.kz»сайттарын, «Tilqural.kz» мобильді қосымшаны қолдану тәсілдері туралы, шетелдегі қазақтарға арналған «Abai.institute» сайты, балаларға арналған «Balatili.kz» жобасы және «Дыбыстық көмекші», «Qazcorpora.kz» жобасы және қазақ тіліндегі мәтіндерді редакциялауға арналған «Qazgramma» тіл редакторы жобасы және көзі нашар көретін азаматтарға арналған жобалар және т.б. туралы жан-жақты ақпарат берді.

Қатысушылар тарапынан таныстырылымға қызығушылық танытқандар көп болғандықтан, таныстырылымның электронды нұсқасы қатысушыларға таратылды.

Өңірлерде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жобаларды, оның ішінде, «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізетін өңірлер қатарында Қарағанды облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ні атап өтуге болады. Іс-шараға Қарағанды облысындағы «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы, айтыскер ақын Қ. М. Мақсұтов қатысып, осы жобаны тиімді іске асырудағы өздерінің озық тәжірибесімен бөлісті.

Спикер «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының мемлекеттік тілді үйретудегі тиімділігі мен ынталандырушы рөлін атап өтіп, нақты көрсеткіштермен бөлісті. Мысалы, 2023 жылы Қарағанды облысында мемлекеттік тілді насихаттайтын 608 іс-шара өткізіліп, оған 8548 бала қатысқан, нәтижесінде 1878 бала қазақ тілінде сөйлеуді үйренген. Қорыта айтқанда, спикер осындай әлеуметтік тиімді жобаларұйымдастырудың ықпалы зор деп тұжырымдады.

2023 жылы Қостанай облысында «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасыұйымдастырылып, 200-ге жуық бала қатысты. Аталған жоба туралы Қостанай облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.С. Рамазанова таныстырды. Бұл жобаның ерекшелігі – жобаның атауы қазақта киелі саналатын 7 санына байланысты таңдалған. Жоба 7 ай бойы 7 кезең бойынша өткізілген. Әр айда тіл үйренушілерге белгілі бір тапсырма беріліп, бейнематериалдар түсіріліп, түрлі лайфхактар қолданылған.

«Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасынақазақ тілінде еркін сөйлейтін белсенді жастар – А. Гаврина, Ю. Лагуткина, шоумен, блогер, домбырашы Крис Блэк және т.б. қатысқан.

Аталған жобаға «Қоғамдық келісім» РММ басшылығы тарапынан жоғары баға берілді.

Модератор Э. Масагутова ел этностары арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дәріптеуге Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының, Достық үйлерінің әлеуетін тарту көзделгенін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамыту тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 580 қаулысы) сәйкес Достық үйлерінің қоғамдық келісімді сақтау және дамыту бойынша қызмет бағытының бірі – мемлекеттік тілді үйрету бойынша курстар ұйымдастыру.

2023 жылғы жинақталған ақпаратқа сәйкес, өңірлік Достық үйлерінің көпшілігінде мемлекеттік тілді оқыту деңгейі ауыз толтырып айтуға келмейді. Сондықтан модератор мамандарға осы мәселеге баса назар аударуды тапсырды.

Бүгінгі таңда өңірлердегі Достық үйлерінің ішінде санаулысында ғана мемлекеттік тілді үйрету жобалары тұрақты жұмыс істейді. Солардың бірі – Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, онлайн-офлайн қазақ тілін оқыту әдістемесінің авторы О.П. Набиева жүргізетін сабақтар өзінің тиімділігін дәлелдеді.

О.П. Набиева республикалық Достық үйінде 5 жылдан бері сабақ береді. ZOOM-конференция қатысушыларына ол мемлекеттік тілді үйретуде ынталандырушы факторлардың рөлі туралы әңгімелеп, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Спикер тілді ойын түрінде үйретудің тиімділігі туралы, өзінің әлеуметтік желіде қазақ тілін үйрету тәсілдері туралы таныстырды. Ол шетелде жүргенде де қазақтың салт-дәстүрлерімен таныстырып, тіл үйретуге қатысты қызықты бейнероликтер түсіретіні жайлы баяндады.

Ақмола облыстық Достық үйінде Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінің студенті, Ақмола облыстық Достық үйіндегі «Мәміле» клубының жетекшісіМ.Тарасова қазақ тілін үйрету курстарына жетекшілік етеді.

М. Тарасова Достық үйлерінде мемлекеттік тілді тиімді оқыту әдістемелерімен бөлісті.

Жас спикер тілге құрмет – елге құрмет екенін ерекше атап өтті. Ол тіл үйренудегі маңызды қадам – қазақ тіліндегі әр түрлі іс-шараларға қатысу, театрларға бару, қазақтілінде фильмдер қарау, қойылымдар көру жақсы нәтиже беретінін айтты.

М. Тарасова мемлекеттік тілді үйретуге өз үлесін қосып, еліне адал қызмет етуді өзінің мақсаты санайтынын атап өтті.

2023 жылы Ассамблеяның жаңа жобасы – «Үйде сөйле» іске қосылды. Бұл жобаның ерекшелігі – тұрғындар өз ауласында, яғни алысқа жүгірмей-ақ өз үйінің маңайында қазақ тілінде сөйлесуге мүмкіндік алады. Бұған пәтер иелері кооперативтері де көмектесіп отыр. Бұл жоба туралы «Ассамблея жастары» төрағасының Алматы қаласындағы орынбасары О. Мохаммедсаруар таныстырды.

«Үйде сөйле» жобасы – қазақ тілін үйретудің тиімді жолы екенін дәлелдеді, себебітұрғындарға өте қолайлы, үйренушілер жас ерекшеліктеріне қарамастан өзара байланыс арқылы тіл үйренуге мүмкіндік молынан болады. Жобаның мақсаты – тұрғындардың жетік меңгерген бөлігі мен үйренуші тобы тығыз араласып, тәжірибе алмасуы.

Спикер тіл үйренудегі өз тәжірибесімен бөлісіп, тілек білдірушілерге көмектесуге дайын екенін атап өтті.

Іс-шараның қорытынды бөлігінде Ассамблеяның жобаларына белсенді қатысушы, «Qazaqstan» телеарнасының«Қазақстан» РТРК АҚ бас редакторы А.Н. Гаврина қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

Спикер ел өңірлерінде іссапарларда жүргенде байқағанындай, халықтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы артқанын, жалпы еліміздің оңтүстік өңірінде халықтың басым бөлігі мемлекеттік тілде еркін сөйлейтінін айтты, сонымен қатар, спикер тіл үйрену әр азаматтың өзінің ынта-ықыласына байланысты екенін атап өтті.

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен өткен ZOOM-конференция өзаратәжірибе алмасу, мәселелерді бірлесе талқылау және осы саладағы жаңа жобалармен танысу сияқты тұстарымен қатысушыларға пайдалы іс-шара болды.

Әлеуметтік желілерде іс-шара туралы жағымды пікірлер жазылды.

Кейін қарай