Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Наурыз, 2024

93

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2024 жылғы 29 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Президенттің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, Ассамблея құрылымдарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында және Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқылана отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қоғамдық орынбасарлары қызметінің қорытындылары туралы есептер тыңдалды.

Сонымен қатар, Ассамблея қызметінің бірқатар ұйымдастырушылық мәселелері де қаралды.






Кейін қарай