Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2020

657

Қызылордада тілдік курстардың авторы Владислав Тенмен онлайн кездесу өтті

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Лингва Тен» тілдер орталығының директоры Владислав Тенмен онлайн кездесу өтті.

Ол өзінің авторлық методикаларымен бөлісіп, қазақ тілін насихаттау барысында қандай жұмыстар жүргізілгенін айтты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін салыстыра отырып мысалдар келтіріп, қызықты ақпараттармен бөлісті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесін талқылап, алдағы уақытта осы сынды шараларды бірлесіп атқаруға ұсыныс білдірді.

Кейін қарай