Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2021

396

Өскеменде Сергей Ларенковтың көрмесі өтті

Өскемен қаласының «Перспектива» оқу-әдістемелік орталығы Сергей Ларенковтың «Блокадалық альбом» фотожобасы аясында көрме ұйымдастырды.


Көрме экспозициясына 19 фотоколлаж қойылды. Олар Ұлы Отан соғысы батырларының бастан кешкен оқиғаларынан сыр шертеді. Айта кетейік, Көрме Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің, Нұр-Сұлтан қаласындағы Орыс үйінің қолдауымен өткізіліп отыр.


- Дәл осындай көрмелер кейінгі жас ұрпақ үшін өте маңызды. Біздің ата-бабаларымыз көрген қиындықты болашақ ұрпағымыз көрмесе дейміз, - деді Беларусь этномәдени орталығының төрайымы Галина Августиновна.


Кейін қарай