Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Сәуір, 2022

918

«Ұлттар фестивалі» байқауы өтті

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні аясында Қоғамдық келісім мекемесінде «Ұлттар фестивалі» байқауы өтті.


Шараға Ақтөбе облысының жоғары және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, этномәдени бірлестіктері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, өздеріне берілген елімізде тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, тұрмысын сахналады.


Шара қорытындысы бойынша:

1 орын: Ақтөбе техника-технологиялық колледжі (Өзбек мәдениеті)

2 орын: Актөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларга арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені (Татар мәдениеті)

3 орын: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Кәріс мәдениеті) @zhubanovlife


Байқау қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хат пен дипломдар берілді. Сондай-ақ, туған жердің тарихы мен табиғатын дәріптеу мақсатында байқау жүлдегерлеріне Қарғалы (Қасқырлы суқоймасы), Ойыл (Көкжар жәрмеңкесі, Барқын құмы), Қобда (Абат Байтақ кесенесі, «Қобыланды» мемориалды кешені, Әлия музейі) аудандарына экскурсияға жолдама берілді.

Кейін қарай