Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қазан, 2023

255

ҚХА мүшелерінің қосқан үлесі мемлекеттік және қоғамдық марапаттармен атап өтілді

2023 жылғы 24 қазанда Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті-Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К. Тоқаев «Ақорда» резиденциясында «Ел бірлігі» ордендерін табыс етті.

Ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін «Ел бірлігі» орденімен биылғы жылы Анатолий Башмаков, Ахмет Мурадов, Роман Ким, Лугмар Буларов, Ақбаржон Исмаилов, Олеся Клименко, Тахирбек Нишанбаев марапатталды.


Бұған дейін Мемлекет басшысы ҚХА-ның XXXII сессиясында нақты істермен Қазақстандағы бірлік пен келісімді нығайтуға септігін тигізіп жүрген азаматтарды барынша көтермелеу қажеттігін атап өтіп, тиісті мемлекеттік награда ұсынуды тапсырған болатын.

Сонымен қатар, Астана қаласының Достық үйінде Ассамблея мүшелері мен белсенділерін Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік және қоғамдық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты түрде мемлекеттік және қоғамдық наградаларды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов табыс етті.

Бірқатар тұлғалар II дәрежелі «Достық» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» төсбелгілерімен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Гриф Хайруллинге берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына Әзиз Әлиев төсбелгі арқылы ие болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының атынан бірқатар тұлғалар «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» ҚХА қоғамдық медалімен, «Жомарт жан» төсбелгісімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен, сондай-ақ «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.



Кейін қарай