Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Маусым, 2023

211

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін «Ассамблея бөбектерінің» қатысуымен атап өтті

Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» мекемесі 2020 жылдан бері республикалық «Ассамблея бөбектері» жобасын ілгерілетіп келеді.

Жоба аясында өңірлік Ассамблея қаламыздың бірнеше бала-бақшаларымен іскерлік байланыста. Солардың бірі – М.Р.Балтабаева басқаратын облыс әкімдігінің Тараз қаласының білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы.

Аталмыш балабақша аймақтық ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының белсенді мүшесі Р.Қ.Керімбаева ұлттық құндылықтарды тәрбиеге енгізген бірнеше жобаларымен жұмыс істеуде. Оның ішінде, Абай атындағы ҚазҰПУ мен №17 бөбекжай-бақшасының қатысуымен жуырда, наурыз айында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар барысында Р.Қ.Керімбаева өз сөзінде алдағы уақытта мектепке дейінгі ұйыммен бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы меморандум жасақталатынын атап өтті.



Кейін қарай