Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Наурыз, 2022

595

Жолдауға қолдау білдірді

Облыс орталықтары мен аудандарда ел Президентінің Жолдауы талқыланып, азаматтар пікір алмасуда.

М.Жұмабаев ауданының мәдениет үйінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы туралы талқы өтті.

Стратегиялық құжаттың өзекті ережелерін талқылауға аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шарипов Азамат Сайранұлы, аудандық мәслихаттың бас маманы, заңгері Баймулдина Аягөз Уақытқызы, аудандық «Береке» мешітінің бас имамы Айбек Оразымбетұлы Сайдалин, Святоникольский ғибадатханасының ректоры Гаврилов Алексей Васильевич, «Мәскеу Петропавл және Булаев епархиясы Блаженной Матрона храмының» ректоры иерей Пропускин Сергей Сергеевич, "Полисся" украин ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Иваненко Мария Адамовна, "AMANAT" партиясы қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Гришенков Константин Леонидович, БЖСМ директоры Аубакиров Жанат Тургунович, ішкі саясат бөлімінің діни және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бас маманы Абильмажинов Батыр Мұратұлы және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктер аудандағы қоғамдық пікірдің көшбасшысы болып табылады. Сол себепті олардың Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша диалогқа қатысып, реформалардың мәнін түсіндіруде маңызды зор.

Талқы барысында Мемлекет Басшысының Жолдауда атап айтқан, елдің әлеуметтік-саяси өміріне түбегейлі өзгерістер енгізуді іске асырудың бағыттары қаралды. Сайлау жүйесіндегі өзгерістерге, биліктің өкілді тармағын қайта форматтауға, сайлау процесін жаңғыртуға, құқық қорғау мүдделерін күшейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. М.Жұмабаев ауданы тұрғындары Жолдауда айтылған шаралар дәл уақытында және қазіргі заманның табылына сай жасалғанына дән риза екендіктерін айтты.

Кейін қарай