Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Шілде, 2023

447

Атырау облысы ҚХА қолдауымен комедиялық кеш өтті

8 шілде күні Достық үйінде Атырау облысы ҚХА қолдауымен «Былина» орыс этномәдени бірлестігі және Орыс «Халық» театрының ұйымдастыруымен православтық мереке күніне арналған комедиялық кештің тұсаукесері өтті.


Мерекелік концертте ресейлік жазушы Олег Ерневтің «Вечер с хорошенькой и одинокой», «Загадочный мужчина» және «Третий глаз» атты комедиялық спектакльдері қойылды.


Бүгін біздің 3 спектакльдің тұсаукесері өтті. Пьесаны дайындаған – бас режиссерымыз Павел Скляренко Евгеньевич. Біз бұл спектакльді қоюға 3 ай дайындалдық. Жалпы кез-келген қойылым 3 айдан 6 айға дейінгі аралықта дайындықтан өтеді. Себебі, әртістер барлық мәтінді жаттап, көрерменді сендіретіндей образдарын шығаруы керек. Ал біздегі әртістердің барлығы – ерікті түрде келіп жүрген жастар.

«Бүгінгі тұсаукесерге келген көрерменің көптігінен зал лық толы болды. Баспасөз өкілдері де келді. Өнерімізді бағалап келген барша көрерменге алғысымыз шексіз. Театрдың дамуына өз септігін тигізіп, бізге үлкен қолдау көрсетіп отырған «Былина» орыс ЭМБ мен Қазақстан халқы Ассамблеясына алғыс білдіреміз», -деді Орыс «Халық» театрының әртісі Андрей Лобыкин.

Кейін қарай