Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қаңтар, 2022

3175

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сұхбатына ҚХА мүшелері пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасына эксклюзивті сұхбат берді. Соған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері өз ойларын ортаға салды.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан көрсетілген эксклюзивті сұхбатын мұқият тыңдадым. Тәуелсіздікті сақтау, оны тұғырлы ету жолында тағылымды ойлар айтылды. Меніңше, бұл сұхбатта ел көкейінде жүрген өзекті сауалдарға дер кезінде жауап берілді деп есептеймін.

Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдар бойынша ашық әрі тиянақты үн қатып, елдіктің жолында бірлік керек екенін баса айтты.

Сұхбатта Президент елдік мұраттарды әрдайым биік қоятынын айтып, салиқалы пікірін білдірді.

«Менің ойымша, соңғы оқиғалар мен үшін мемлекеттің мүдделері бәрінен жоғары екенін көрсетті. Және «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбатырақ» сөзін де көпшілікті қолдау үшін айтпадым немесе бұл жай ғана сөйлеу мәнері емес. Жоқ. Шын мәнінде, мемлекеттің мүдделері, әсіресе Президентке, Мемлекет басшысына қатысты болса, сөзсіз, бәрінен жоғары тұруы керек деп есептеймін. Менің ойымша, бұл жақсы сигнал, оның ішінде мен шынымен жақсы қарым-қатынаста болған адамдарға да. Бірақ мемлекет мүддесі туралы сөз қозғалса, мен осы қарым-қатынастардан аттап өтуім керек», - деді Мемлекет басшысы.

Жалпы, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиға елімізге ауыр тиді. Дегенмен, бүкіл Қазақстан халқы «қайғылы қаңтар» оқиғасының салдарын жоюда күш біріктірді. Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың табанды және уақытылы жүзеге асырған шешімдерінің, сондай-ақ қазақстандықтардың бірлігі мен татулығының арқасында біз тарихымыздағы күрделі кезеңді еңсере алдық.

Бүгінде біз еліміздің экономикасын, саясатын, әлеуметтік саласын терең құру процесіне - жаңа Қазақстанды құру мен дамыту кезеңіне аяқ басудамыз. Президенттің осы маңызды және уақтылы бастамаларын қолдауымыз керек. Ортақ күш-жігерімізбен елімізді бұдан да қуатты және гүлденген елге айналдыратынымызға нық сенімдіміз.

Көпшілікке белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды, бұл ұйым денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайтын болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде айтарым, елдегі бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы жауапкершілікті сезіне отырып, Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құрудағы жүйелі бастамаларын іс жүзінде орындауда барлық азаматтарды топтасуға шақырамын.

Отанымыздың тарихындағы осы жауапты кезеңде әрқайсымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтайтындығына кәміл сенемін!

Жаңа Қазақстанды Бірге өркендетейік!

Нурсбек Капар-Пур,

Түркістан облыстық иран мәдени

орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі жастар мен олардың қызығушылығына қатысты пікірлері өзім құралпы жас буын үшін де маңызды деп олаймын.

Президент телеарнаға берген сұхбатында «Болашақ» бағдарламасымен техникалық мамандарды Ресейде оқыту жөнінде пікір білдірді.

«Әрине, ешқандай міндеттеу жоқ, мен жай ғана Ресейге оқуға жіберген дұрыс деген жорамалымды айттым. Себебі мұнда тіл мәселесі де бар, яғни тілдік кедергі жоқ, бұл бір. Екіншіден, біз стратегиялық серіктестер болғандықтан, бірлескен кәсіпорындар, оның ішінде ірі бизнеске қатысты кәсіпорындар бар, бізге Ресейде оқитын техникалық кадрлар қажет. Бірақ кейбірі Батыста оқығысы келуі мүмкін. Әрине, біз ешқандай кедергі жасамаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, Президент Батыстың оқу орнының дипломының болуы жоғары білім көрсеткіші еместігін атап өтті. «Бірақ онда өзіндік айрықша білім бар екенін түсіну керек. Одан бөлек, мен батыстық білімді дәріптемес едім. Онда да өз проблемалары бар және біз Батыс университеттері де диплом шығаратын кеңселерге айналып жатқанын білеміз. Ақшаны төле де, біраз уақыттан кейін дипломды ала бер, кейбір жастарымыз мұны пайдаланып жүр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, еліміздің жастарға жасап жатқан мемлекеттік қолдауы аз емес. «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері аталған стипендия бойынша 14 мыңнан астам қазақстандық мұхит асып, шетелде білімін жетілдіріп келді. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым жастардың дүниенің төрт бұрышына барып, «инемен құдық қазып» қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Оған қоса, дәл «Болашақ» секілді бағдарламаның баламасы әлемде некен-саяқ. Бұл - жастарға қанат бітіретін бағдарлама.

Сондай-ақ Президентіміз қазіргі жастардың қызығушылығы жөнінде де өз пікірін білдірді.

«Қазір адамдар TikTok пен Facebook-ті қарайды. Бірақ оларлың 1 беттен артық ақпаратты оқуға шыдамы жетпейді. Олар ақпарат тек мәтін түрінде емес, визуалдық күйде тұтынады. Бұл үлкен проблема. Өкінішке қарай, әлде мүмкін бақытымызға орай деуіміз керек те шығар, біз де осыған бейімделуіміз керек», - деді Президент.

Меніңше, сұхбатта өзекті мәселелер төңірегінде Президент барлық сауалдарға жан-жақты жауап берді. Әрине, қиын күндер артта қалды. «Қаңтар қасіреті» енді елімізде ешқашан қайталанбасын дейміз. Президентіміз Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталатынын айтты. Біз, жастар, елдік бастамаларды әрдайым қолдап, өз үлесімізді қоса береміз деген сенімдемін.

Азат Сұлтан,

"Ассамблея жастары" Республикалық

қоғамдық бірлестігінің

Түркістан облыстық өкілдінің төрағасы

***

Жыл басындағы қаңтар оқиғасы «Ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілектің мәні мен мағынасын, тереңдігі мен қасиетін елдің әрбір азаматына ұғындырды деп ойлаймын. Бұл жағдай бір сөзбен айтқанда еліміз үшін үлкен сынақ, өмірлік сабақ екені сөзсіз.

Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналара берген сұхбатында азаматтардың құқығының бұзылмауына мүдделі екенін жеткізіп, Бас прокуратураға әрбір оқиға бойынша тергеу жүргізуді тапсырғанын айтты. «Мемлекет басшысы ретінде азаматтардың құқықтарының бұзылмауына мүдделімін. Әрбір жағдай тергелуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Көпшілкке мәлім, елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылғаны белгілі. Бұл ұйым денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт сияқты салаларда Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету бойынша міндеттерді орындайтын болады. «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры – бұл біздің ортақ әлеуметтік жауапкершілігіміздің жалпыұлттық институты деп есептейміз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше телеарнаға берген сұхбатында «Қазақстан халқына» қорының қалай жұмыс істейтінін және оның қаражаты қандай мақсатқа бағытталатынын айтты.

«Бүгінде қорда шамамен 50 миллиард теңге бар. Қор қызметіне жеке араласпаймын, қор басшысы болып бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев тағайындалды. Қамқоршылық кеңесі бар, мен қатысқан жоқпын. Олар қоғамдық негізде жұмыс істеп бастады. Менің жұмысым - осы қорға жарналарды ынталандыру. Менің ойымша, өте анық үндеу жасалды. Бұл салық емес, бұл қайырымдылық, бірақ әрқашан кейбір нәрселерді реттеу керек. Менің білуімше, мемлекет салық салынатын табыстың 3 пайызын белгіледі, бұл шын мәнінде ірі бизнеске қатысты. «Қазақстан халқы» қоры балаларға көмектеседі, балалар спортын, соның ішінде ауылдық жерлердегі спортты дамытады. Алматы қаласын қалпына келтіру, мәдениетті көтеру және басқа да мақсаттар қарастырылады. Бұл - қамқоршылық кеңестің құзырындағы мәселе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болсын!

Құрманбай Рысбеков,

Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

***

«Хабар» арнасы арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын тыңдадық. Мемлекет басшысы елімізде орын алған оқиғаларға байланысты өте өзекті деген мәселелерге тоқталған. Соның ішінде террорлық актке қарсы күрес туралы да әңгіме қозғай кетті.

Бүкіл елдің жауапкершілігі Президенттің мойнына артылғаны рас. Осынау сындарлы сәтте Мемлекет басшысы батыл қадам жасады деп есептейміз. Себебі, бұл оқиға мемлекеттігімізге қауіп төндіріп тұрған еді. Түптеп келгенде елдің территориялық тұтастығы жөнінде де алаңдаушылық туғызды. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы дер кезінде шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы Еуропарламенттің Қазақстанға білдірген наразылығы туралы да әңгіме етті. Олардың асығыс шешім шығарғанын айтты. Әскерилерге қарсы оқ атылып, құқық қорғау органдары таяқтың астында қалып, әкімшілік ғимараттар тоналып, өртеніп жатқанда биліктің үндемей отыруы керек пе еді? Оның үстіне оқиға кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шерушілерді бейбіт диалогқа шақырған болатын. Ел ішіне лаң салып, арнайы көліктерді, ғимараттарды өртеген, тонаған адамдарды бейбіт шерушілер дей алмаймыз. Президент Еуропарламенттің осы мәселеге назар аудармастан, шешім қабылдағанын айтты.

Ілес Нұртаев,

Келес аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

***

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» арнасына елімізде орын алған соңғы оқиғаларға қатысты сұхбат берді. Мемлекет басшысы онда бірқатар өзекті мәселелерді сөз етті. Соның ішінде айта кетерлігі, Президентіміз біздің ақпарат алаңында есе жіберіп қойғанымызды атап өтті.

Расында да ресми мәліметтер болмаған жерде, алып-қашпа әңгімелердің алға шығатыны жасырын емес. Сондықтан да болар жағдай тұрақталған кезде Мемлекет басшысы құзырлы органдарға жариялылық принципін ұстануды тапсырды. Бұл өз кезегінде заң шығарушы және атқарушы органдарға жүктелген міндет болатын. Еліміздің бас прокуроры мен адам құқықтары жөніндегі уәкілетті орган қаңтар қасіреті кезінде қаза тапқан, тұтқындалған азаматтар жөнінде ашық, толыққанды мәлімет берді.

Президент өз сұхбатында Парламент жүйесінде де реформалардың болатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Мәжілісте бірнеше мықты саяси партиялар болуы керектігіне тоқталды. Бұл өз кезегінде заң шығарушы органның жұмысын жетілдіреріне сенім мол. Әр саяси партияның белгілі бір жағдайға өз ұстанымы болуы қажет. Сонда еліміздің конституциялық реформасы ілгерілейді. Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы мәселеге дұрыс тоқталды деп ойлаймын.

Сәрсенбек Оспанов, белсенді жас

***

Ескінің жаңарып отыруы – заман талабы. Біз қаласақ та, қаламасақ та уақыт-керуен өз дегенін жасайды. Еліміз бүгінде жаңаруды, жаңа дәуірді қалап отыр. Оны қалың бұқараның пікірінен-ақ аңғаруға болады.

Хош, сонымен жаңары дегеніміз не? Ол үшін біз не істеуміз керек. Міне, бұл әр адам ойланатын сауал. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сұхбатында біраз мәселеге тоқталды. Ендігі біздің міндет – сол айтылғандарды өз ойымызда қорытып, әрі қарай кім не істеуі керек екенін білу. Мысалы, біз білім саласының қызметкерлері болашақ жастардың дұрыс тәрбие алуына, жан-жақты білімді болып қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Ол үшін мұғалімнің өзі мықты маман, үлгілі ұстаз болуы керек емес пе?! Демек, заман талабына сай жақсы мамандарды мектепке көптеп тарту керек. Ал, қанша жетелесең де таным-түйсігі таяз, ілім-білімі шамалы оқытушылар тек айлық-жалақы алу үшін ол жерге келіп-кетіп жүре беруіне болмайды. Алтын уақытын сарп етіп еңбек етіп жүрме, соның жемісі болуы керек. Ол – мақтаулы шәкірт қана. Мейлі, біреу білім жағынан, біреу өнер жағынан, тағы біреу басқа қырынан болсын, өзінің қабылет-қарымын көрсете білуі тиіс. Яғни, мұғалім күнделікті өз жоспарындағы жұмысын істеп қана қоймай, алдында отырған оқушының қабілетін танып, оның әрі қарай жетілуіне жағдай жасауы керек. Ондай мұғалім, әлбетте, ізденімпаз, руханиятқа жақын, әдебиетті түсінетін мамандардан шығады. Сол үшін мүмкіндік болса көп оқу керек. Сонда ғана біз жақсы маман, жақсы мұғалім бола аламыз. Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу үшін біз өз мамандығымыздың нағыз майталманы болуға тиіспіз. Ал, өз мамандығын сүйген адам, жоғарыда айтқанымыздай, өз еңбегі арқылы жаңа дәуірді қалыптастыруға үлес қоса алатын болады.

Сапаркүл Шәулиева,

И.Жансүгіров атындағы жалпы орта

мектебінің директоры, Жетісай ауданы

***

Биылғы жылдың басы елімізде дүрбелеңмен басталды. Осындай сындарлы сәтте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев оңтайлы шешімдер қабылдап, күрмеуі қиын кезеңде тығырықтан шығар жол таба білді. Еліміздегі жағдай қазір біртіндеп тұрақталып келеді. Мемлекет басшысы кешегі сұхбатында оқиғаға жан-жақты талдау жасап, қақтығыстың орын алуына қоғамда қордаланып қалған біраз мәселенің себепші болғанын да ашып айтты. Жаңа Үкіметке мәселелерді шешуге нақты тапсырмалар берілді.

Президенттің сұхбатта айтылған көрікті ойларының бірі – оның мемлекет үшін қызмет ететіндігі. «Менің ойымша соңғы оқиғалар мен үшін мемлекеттің мүдделері бәрінен жоғары екенін көрсетті. «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбаттырақ» сөзін де көпшілікті қолдау үшін айтпадым. Шын мәнінде, мемлекеттің мүдделері Президентке, Мемлекет басшысына қатысты болса, сөзсіз, бәрінен жоғары тұруы керек деп есептеймін», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Өзінің айтуынша, алдағы күндері қабылданатын елдің әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған бірақ мемлекеттік бағдарламалар ауылдағы халыққа демеу, кәсібіне қолдау болмақ.

Мен ауыл азаматы ретінде Мемлекет басшысының сұхбатта айтылған бастамаларын толығымен қолдаймын. Және созақтықтарды ел іргесінің берік болуы жолында бірігіп, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосуға шақырамын.

Қабылбек Еспенбетов,

Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

***

Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында елдегі ахуалды жеткізіп, қабылдаған шешімдерінің саяси себептерін айтып, алдағы міндеттердің белестерін белгіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жастар жөнінде бірқатар мәселелер көтерді.

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстанның басты басымды­қтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда.

Мейрамбеков Абай,

Сырдария ауданының этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы,

Жастар маслихатының депутаты

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнаға берген​ сұхбатын толық тыңдадым. «Қаңтар қасіреті» аталған оқиғалардан кейін​ еліміздегі Парламент​ жүйесі, саяси партияларға қатысты өзгерістер болады дегені көңілге қонымды. Қаңтар оқиғасының барша елімізді есеңгіретіп кеткені анық. Ақпарат​ көздері де шыны мен өтірігі аралас хабарларды жарыса таратып жатты. Бүгінгі күнге дейін көңілге күдік ұялататын ақпараттар халықтың назарына ұсынылып жатты. Ел Президентінің кешегі сұхбаты соның​ бәріне нүкте қойғандай болды. Діттеген нәтижеге қол жеткізу үшін​ жүйеге​ өзгеріс енетінін баса айтты. Қиын кезеңде қатаң шаралар қабылдап, күрделі​ қадамдар жасауының себебін тарқата айтуын - көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап болды деп білемін. Президентіміз өзінің мықты дипломат екенін көрсетті.

Әр сөзі салмақты, тұщымды болды. Қандай жағдай болмасын, парасатты шешім елімізді​ алға қарай жетелейді. Күшіміз - Бірлікте!

Қарағожинова Қатима,

Ақтоғай ауданы «НҰР АНА әлемі» ҚБ төрайымы, Аналар кеңесінің төрайымы

***

Ел басшысы әр сөзінде еліміздің болашағы – білім, ғылым, жаңа технология салаларында екенін баса айтты. Ұстаз ретінде мен өз жұмысымның жауапкершілігін түсініп, жұмысты күшейтіп,тәрбиеге көбірек назар аудару керек екенін түсінемін.

Мемлекет басшысының кадр біліктілігі туралы айтқан сөзін ерекше атап өткім келеді. Осы жерде Қасым Жомарт Кемелұлының «Кадрларды әлі де біліктілігіне, жұмыс қабілетіне қарай бағалау керек» деген сөзін көңілге өте қонымды болды.

Динара Нұралиева, Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің мүшесі

***

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық телеарналардан эксклюзивті сұхбаты көрсетілді. Сұхбат барысында мемлекет басшысы қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысы сұхбатында реформалар тек адамдарды өзгертумен ғана шектелмейтінін, реформалар ең алдымен жүйедегі өзгерістер екенін айтты.

«Қазақстан халқына» қоры еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен көмек. Еліміздің көркейіп дамуына, әрбір азаматтың жауапкершілігі маңызды және бірігіп атсалысуы қажет.

Эсьмира Мамедова,

Жамбыл облысы, Жуалы аудандық «Мехрибан» әзірбайжан

этномәдени бірлестігінің төрайымы

***

Телеэфирде көрсетілген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты уақытылы, эксклюзивті, серпінді, шынайы болды. Мемлекет басшысы өткір қойылған сұрақтарға да ашық жауап берді. Әр сөзінен нық сенімділік сезіліп тұрды. Бұл халық үшін маңызды және құнды, өйткені сенім Қазақстанның дұрыс дамуы үшін қажетті реформаларды жүзеге асыруда жақсы көмекші болып табылады. Сондай-ақ, сұхбатта өмірлік маңызы бар салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы өзгерістер туралы да айтылды. Еліміздегі бұл өзгеріс-реформалар халық тұрмысын жақсы жаққа өзгертуге тиіс.

Сартиф Алиев, Жамбыл облысы бойынша «Барбанг» күрділер қауымдастығының төрағасы

***

«Жаңа үй салмай тұрып ескі үйіңді бұзба» деген тәмсіл бар ғой. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан бергі әр сөзін зер сала тыңдап келемін. Кешегі «Хабар» арнасынан көрсетілген сұхбаты да көп сұрақтың жауабын бергендей. Жоғарыдағы тәмсілді бекер келтірген жоқпын. Тоқаев мырза өзі айтқан «Жаңа Қазақстан» реформасын бастап кетті. Әрине, бір күнде жаңа команда құрып, бір күнде ел нәтижесін көре қоймайды. Себебі, мұндай реформалардың орындалу жылдамдығы әр қалай болады. Кей реформалар ұзақ мерзімді болса, кейбірі қысқа уақытта өз нәтижесін береді. Не десек те, халық алғашқы нәтижені үш ай мен алты ай аралығында көре бастайды деп сенемін.

Әрине, көпшіліктің көкейінде «ана сұрақ неге қойылмады?», «Мына мәселе неге айтылмады?» дегендей сауалдар қалды. Бұл дүниелердің нүктесі тергеу амалдары біткен соң қойылары анық. Қол бастағаннан ел бастаудың қиын екенін дана қазақ халқымыз баяғыда-ақ айтып кетті емес пе? «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген. Президент айтқан мәселелер көзге көрініп тұрғанымен кейбірі осы уақытқа дейін көтерілмеген болатын. Нәтижесін көретінімізге сене отырып, Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдай білуіміз қажет және өзіміздің бірлігі жарасқан іргелі ел екенімізді дәлелдеуіміз керек.

Мердан Атамұрат,

Жаңаарқа ауданының тұрғыны, меценат

***

ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаев «Хабар» арнасының жүргізушісі Вера Захарчукке сұхбат берді. Тарихқа жүгінсек белгілі әдебиеттерден оқығанымыздай әлемде, жалпы ғаламшарымызда болған шиеленістер-аймақтық және жергілікті болатын қақтығыс жағдайлар екен. Бұл қақтығыстар көптеген мемлекеттердің экономикалық әлеуметтік және саяси дамуына мемлекеттерде миллиондаған адамдардың өліміне себепкер болғанын политология ғылымының саласынан оқып, біліп жүрміз. Есеп бойынша Германияның жанжал, қақтығыстарды зерттейтін институтының мәліметі бойынша 218 жанжал тіркелген екен.Қазіргі таңда жанжалдар біраз азайып, бейбітшілік келісімдер арқылы шешімін табуда. Тәуелсіз мемлекетімізді, бейбіт елімізді дүр сілкіндірген кешегі «қаңтар қасіреті» халқымызды біраз үрейлендіріп, есеңгіреткені рас. Жаңаөзеннен бастау алған бейбіт шеру лаңкестік толқынның туындауына әкеліп соқты. Мемлекет басшысының халықты сабырға шақырып, отандық басты ақпараттық арнаның жүргізушісі В.Захарчукке берген сұхбатын «Хабар» арнасынан тыңдадым. Бұл сұхбаттың өрбуіне Алматыда болған өктемді шабуылдаған бандиттік топтың елге үлкен қауіп төндірген әрекеті себеп болды. Қ-Ж.Тоқаев сын сағатта бандиттердің бетін қайтару үшін Қауіпсіздік Кеңесіне жүгінуді өзі шешкенін айтып, қандай толқыныста болғанын, қандай шешімге жүгінгенін халыққа баяндап ТВ арқылы бөлісті. Сұхбат барысында еліміздің халықаралық саясатқа қатысты нық ұстанымдары жайында сөз қозғап, Еуразиялық экономикалық одақтың болашағына қатысты өз ойына толық жеткізді. Бірінші сұраққа Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгінгені туралы айтты.Оған себеп бейбіт халыққа үлкен қауіп төнгендіктен халықаралық ұйымның қадағалауына сүйенгені туралы,адам өміріне қауіп төнгендіктен одақтастарымыздан көмек сұрадым деді. Екінші көмек бітімгерлік күшті тартқаны туралы да айтты. Сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының күші бірде-бір оқ атпағанын атап, әуел баста одаққа мүше елдердің әскері тек стратегиялық нысандарды күзетеді деген келісім болғанын айтты. Сөз соңында «Президенттік лауазым үшін Конституцияны өзгертпейміз, АҚШ Қазақстан халқын және конституциялық институттарды қолдайды»-деді. Егемен еліміздің иақсаты- бейбітшілікті сақтау. Біз біргеміз!

Г.С.Ерғалиева,

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы

Қобда аудандық аналар Кеңесінің төрайымы

***

Жаңа Қазақстан – жаңа жаңғырулар жолында! Мемлекет басшысы «Хабар-24» телекомпаниясының тілшісіне берген сұхбатында, көзделген мақсаттарға жету үшін алдымен халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуымыз керек деп нақты айтты. Әсіресе үкілі үміттеріміздің тірегі болған жастарымыздың білімі және тәрбиесіне үлкен мән беру керек. Жаңғырулар аясында Парламенттік және партиялық жүйе өзгеріп жаңа ұстаныммен жұмыс істеуі қажет. Әр бір халық қалауылары халықпен билік арасында алтын көпір болуы тиіс. Әлем аренасында бірге жүретін экономикамен саясатты бірдей реформалау, бүгінгі күннің нақты және негізгі мәселесі деп білеміз. Тарихтан мәлім болғандай экономикалық кризистың соңы саяси дағдарыстарға алып келеді. Біз бұл кезеңнен өттік. Жастарымыздың өздері түсінбеген жағдайда шеруге шығып кетуінің өзі заң бұзушылыққа алып келді. Әсіресе кінесі жоқ азаматтарды заңсыз ұстау, оларға күш қолдану фактілерін жан-жақты тексеруды бас прокуратураға тапсырылғаныда алғашқы демократик адымдардың бірі деп білеміз. Мемлекет басшысы көптеген көкейтесті сұрақтарға нақты және реал жауап беріп кей бір мәселелерге өте мәдениетті жанданып айтып өтіп көпшіліктің көңілінен шықты деп білемін. Сондықтанда болып өткен көңілсіз оқиғаларды артта қалдырып келешекте қалыптасқан жаңа Қазақстан мемлекетіне айналуымыз қәжет. Жаңғыру аясында жақсы өзгерістермен, мықты бетбұрыстар жасалатына сенімдіміз. Жаңа Қазақстандың жалауын барлығымыз жұдырықтай жұмылып бірге көтерейік!

Икрам Хашимжанов,
Қазақстандағы өзбек этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын тыңдаған әрбәр азамат еліміздің жаңа қадамға басқанын, реформалар кезеңін өткеріп жатқанын жақсы түсінді. Өзекті өкінішке ораған қаңтар оқиғасы әлі көкейімізде тұратыны, тарих бетінде қалатынын сөзсіз. Болған жағдайдан нәтиже шығарып, ел болып жұмылудың уақыты келіп тұр. Еңсемізді тіктеп, Президентпен бірге алға басу керек. Біраз уақыттан бері қордаланып қалған мәселелер мен кадрлық өзгерістер жаңа бағытта жұмыс жасауға бастап отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының әр сөзі салмақты, сын сағатта қалған еліміздің болашағы үшін жасаған нақты қадамдары, экономикалық-әлеуметтік саладағы өзгерістері көптің көңілінен шықты. Білікті саясаткер екенін көрсетті. Қазақстандықтар үшін биылғы жыл – аса маңызды жыл болды. 30 жыл сақтап келген тәуелсіздігімізге сызат түспесе екен. Сыртқы жауға, арандатушыларға ермесек екен. Қазір сырттан тон пішіп, болжам жасаушылар жетіп артылады. Ел ертеңі үшін алаңдаған әр азамат, Қазақстанды отаным деп санаған әрқайсысы жауапкершілік жүгін сезеді деп ойлаймын. Ал, Мемлекет басшысы үшін сол жауапкершілік мың есе. Әлем елдерін таңдай қақтырған едік. Биік мінберден қазақстандықтар көрініп жүр. Ол біздің мәртебемізді көтереді. Мемлекет үшін аумалы-төкпелі мезгілдер болып тұрады. Тек содан лайықты нәтиже шығарсақ болғаны. Жаңа Қазақстанды бірге қүрып, бірлігіміз бекемделе берсін.

Виталий Хмелевский

«Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы

***

Өз сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. Президент қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестермен қарым-қатынасы туралы шынайы және батыл түрде тоқталып, елдегі бірлік, ынтымақтың қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, қаңтардағы қайғылы жағдай туралы айта келе, Мемлекет басшысы қиын сәтте берілген келеңсіз тапсырмаларды пысықтап айтып шықты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да сәтсіздіктерді айтуға сескенбеді. Мәселен,, ақпараттық «соғысқа» қатысты: – Сол кезеңде ақпараттық жарияланымдар жанында біз шарасыз болдық, онымен күресетіндей уақыт та, күш те тапшы болды. Ол кезде біз туралы кім не айтатыны маңызды болған жоқ, - деді Қ.Тоқаев сұхбат барысында.

Сұхбат беру барысында елдің дамуы, халықтың әл-ауқаты үшін қажетті өзгерістер туралы сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында трансформация қажет екенін атап өтті. Ол реформалар адамдарды өзгерту үшін жасалмайтыны, өзгерістердің тек қалыпты жүйеге ғана әсер ететінін айта кетті. Бұған қоса, жастарға көңіл бөлінді. Ел Президенті «біз қалаларда шоғырланбаған жастармен нақты жұмыс жүргізуіміз керек. «Jas Otan» қатарына жастар арасында сенімге ие, пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын көшбасшыларды тарту керек», – деді. Осы ұсыныс бойынша жастардың білімі, жұмысын саралауда қай бағыттар басым екендігі туралы сөз болды.

Қазақ елін дүр сілкіндірген кешегі қаңтар оқиғасы бәрімізге оңай тиген жоқ, қабырғамыз қайысып-ақ отырды. Кешегі күн – бүгінгі тарих, тәуелсіздігімізге 30 жыл толғанда қиыншылыққа жолығып, біраз есеңгіреп қалдық. Ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Ұйып отырған осы бейбітшілігіміз бен бірлігімізге жетер не бар?! Қандай қиын заман туса да, қандай қуаныш болса да ел іргесі бүтін, бірлігіміз бекем болсын!

Искандиров Мұқаш,

Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, ҚХА мүшесі

***

Мен де көптеген отандастарымыз сияқты, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият қарап, тыңдап шықтым. Эксклюзивті сұхбатында Мемлекет басшысы қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, одан арғы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынастар туралы толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді.

ҚР азаматы ретінде мен үшін Президент көтерген аса маңызды мәселе - саяси және экономикалық жүйенің тиімділігін арттыру мәселесі болды. Бүгінгі таңда Президент қабылдаған өзгерістер халыққа өте қажет! Айтылған өзгерістер арқылы оң нәтижеге қол жеткізу үшін біз Президентімізді қолдауымыз керек және оларды жүзеге асыруға аянбай өз үлесімізді қосуымыз керек. Президенттің дұрыс шешімдерінің, оның дипломатиясының және көрші мемлкеттердің қолдауының арқасында біз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтай алдық.

Ел бейбітшілігі мен амандығын сақтау маңызды. Тек біртұтас халық бола отырып, Мемлекет басшысын қолдай отырып, біз елімізді жаңа жоғары деңгейге көтере аламыз.

Мухабат Турдыева, Жамбыл облыстық

Махмұт Қашқари атындағы

Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы

***

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында берген сұхбаты маған ұнады. Қойылған сұрақтарға ашық және сенімді жауап беру арқылы бұл сұхбат есте қалды. Эфирде шынымен біраз мемлекеттік құпиялар жөнінде ашық айтылды. Алынған сұхбат ауыр сәттерді де айналып өтпеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиға, Отанымыздың әріқарайғы тағдыры қалай және қашан шешілетіндігі туралы айтып берді. Сұхбатта қайғылы қаңтар оқиғаларының аянышты себептері сөз болып, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынастары туралы сұрақтарға жауаптар алынды.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы ел болашағына арналған жоспарларымен, Президент лауазымындағы өз миссиясы туралы пікірімен бөлісті. Байқап, бағдарласақ, қазірдің өзінде өзгерістер басталып кетті. Олар қазақстандық қоғам мен бүкіл саяси жүйені трансформациялаудың оң нәтижелеріне қол жеткізуден тұрады, бұл, сайып келгенде, Қазақстанды экономикалық өсуге әкеледі деп сенейік!

Айгүл Кабиева, Жамбыл облыстық «Әулиеата»

Қазақ мәдени орталығының төраға орынбасары

Кейін қарай