Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2022

384

Ақтауда ҚХА өкілдері коммуналдық қызмет көрсету қызметкерлеріне алғыс білдірді

Алғыс айту күні мерекесіне орай және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында Достық үйінде Ақтау қаласының «Қала жолдары» коммуналдық қызмет көрсету қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, Аналар кеңесі, ҚХА ардагерлер кеңесі, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, меценаттар, ҚХА шығармашылық ұжымдары, медициналық мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шара мақсаты – коммуналдық қызмет көрсету қызметкерлеріне алғыс білдіру.


Гүлмира Қалмұратова «Қала жолдары» қызметкерлеріне алғыс айтып, салтанатты іс-шараны ашты. Сондай-ақ, МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы А. Жайылханова мен қырғыз ЭМБ мүшесі Құрбанәлі Ғазибеков өз алғыстарын білдірді. Шақырылған қонақтарға шаш шеберлердің, емдік массаж қызметтері көрсетілді, сондай-ақ шара кезінде қонақтарға «Salem-Namaste» үнді ЭМБ үнді шайынан дәм тату ұсынылды. Іс-шара ҚХА шығармашылық ұжымының, музыка мектебінің концерттік бағдарламасымен сүйемелденді.

Сонымен бірге, іс-шараға медициналық мекемелері белсенді қатысты. Шараға келгендер қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін тексере алды.

Кейін қарай