Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Қаңтар, 2024

111

Жамбыл облысында Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған іс-шара өтті

Жамбыл облысында көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, ғалым және үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Оған қала әкімдігі мен мәслихатының, Қоғамдық кеңес пен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Д.Қонаев атындағы Халықаралық қордың мүшелері және ҚХА өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Д.Қонаевпен аттас көшеде орналасқан Дінмұхамед Қонаевпен ескерткішіне гүл шоқтарын қою - маңызды сәттердің бірі болды. Қатысушылар салтанатты түрде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тұлғасына деген ризашылығы мен құрметін білдіре келе, оның ел тарихы мен дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Іс-шара еліміздегі жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді дәріптеудің мәнін және атадан қалған мұраны сақтай отырып, оны өскелең ұрпаққа насихаттаудың маңызын айқындап берді.

Кейін қарай