Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Наурыз, 2024

97

Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының тең төрағасы Мурадов Ахмет, белгілі журналист, блогер Алтай Алмас, республикалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төраға орынбасары Ахметов Расул және этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Онлайн семинардың күн тәртібі қоғамдық топтасу мен жалпыұлттық құндылықтарды дамытудың түрлі мәселелерін қамтыды. Кездесу барысында айтылған ұсыныстардың басым бөлігі қоғам бірлігін одан әрі нығайтуға, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеуге, елдің ғылыми әлеуетін көтеруге, мәдениет саласын қолдауға және қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерді сарапқа салды. Талқылау барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша қолдау білдіре отырып мазмұнды және мағыналы ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.

Кейін қарай