29 Сәуір, 2022
445
Әскер Піриев: Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз
«Ахыска Түрік этномәдени орталығы Қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы» Әскер Піриев:
—Қазіргі таңда Конституциялық Кеңес үлкен өзгерістер топтамасын қарастырып жатыр. Елдің Ата Заңына отызға жуық түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер саяси жүйеден бастап елдің құрылымын өзгертуге дейінгі мәселелерді қамтиды. Аталмыш реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік Жаңа Қазақстанды құруға дайынбыз. Ол үшін әлеуетіміз де, күшіміз де, жігеріміз де жетеді. Біз тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халықпыз. Ендігі кезекте саяси реформаларды аяғына дейін жүргізуіміз маңызды. Бұл реформалардың мәні мен мақсатын халыққа дұрыс түсіндіру ортақ борышымыз. Себебі кез келген тарихи сәттің орын алуы қашанда халықтың шынайы қолдауына ие болғанда ғана жүзеге асады. Осы ойымды барлық этно мәдени бірлестіктердің жетекшілері қолдайтынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан бұл бағытта елге жанашыр, мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін. Ассамблеяның құрылымдары мен мүшелері алдыңғы сапта болуы керек. Біз бұл мәселеге Ассамблеяның ғылыми сарапшылық кеңесінің де күшін жұмылдырамыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
-
ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ НАҒЫЗ ПАТРИОТ, РУХТЫ, ОТАНШЫЛ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БУЫНЫ ҚАЛЫПТАСУДА
-
Қостанай облысының Беларусь қоғамдастығының белсенділері «Алақандағы өмір» қайырымдылық жобасының дәстүрлі жаңажылдық шарасына қатысты
-
Жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті
-
Талдықорғанда Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті
28 Сәуір, 19:36
«Бірлік жүгірісі» республикалық жартылай марафоны өтті
29 Сәуір, 10:51
Алматы облысында «Бірлік жүгірісі» марафоны өтті
1 Мамыр, 09:59
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
29 Сәуір, 18:17
СПОРТ – БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ
30 Сәуір, 13:06
Болашақ сарайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті