Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Сәуір, 2024

66

СПОРТ – БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендросаябақта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бiрлiк жүгірісі» жалпықалалық марафоны өтті. Іс-шара «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидасы бойынша ұлттық құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.


Спорттық жарысқа қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қала тұрғындары, қалалық iшкi саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы қатысты.

- Бүгінгі іс-шараның мақсаты достық пен татулықты нығайту, салауатты өмір салты арқылы қала жастарын біріктіру, сондай-ақ, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу - деді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Өнербаев.

Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальға ие болды. Жеңімпаздар жас санаттары бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Кейін қарай