Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Наурыз, 2024

124

«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты ақжаулықты аналар, аяулы арулар, қарындастар, ханымдар!

Баршаңызды көктемнің шуақты да берекелі алғашқы күндерінде келіп жеткен 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің өскелең ұрпақтың тәрбиесінде, отбасымен қатар тұтас қоғамның ынтымақ пен ырысын көркейтуде, еліміздегі татулық, бауырластық, тұтастық пен берекенің баянды болуында алар орыныңыз бен миссияңыз аса зор, еңбектеріңіз ерен!

Бұл ақиқатқа тарихтың өзі сан рет куә болды. Атап айтқанда, көптеген халықтардың тағдырына қара түнек шүйлігіп, қуғын-сүргін жылдарында тағдырдың тәлкегіне түскен халықтарды Қазақ Аналары өз перзенттерінен бөліп жармай, өз перзентіндей қабылдап, сынған сақтарын қайта жамап, өмірге қайта жалғап адамзат тарихында парасаттылық пен адамдықтың, мейірім мен ізгіліктің бірегей де асыл үлгісін күллі әлемге паш еткеніне тарихтың өзі куә!

Сондай-ақ, бүгінде еліміздегі татулық пен мейірмнің, гуманизм мен толеранттылықтың, өзара құрмет пен ізеттің салтанат құруын – Сіздердің шуақты шапағаттарыңыздың арқасында деп білеміз. Ақиқаты да осы!

Баршамыз өткенде ғана, күллі әлемге үлгі боларлықтай берегей айтулы күніміз – Алғыс айту күнін атап өттік. 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күні меркесі күнінде де, көктемнің алғашқы күні баян еткен алғысымызды қайталай отырып, жүрекжарды ізгі тілектерімізді Өздеріңізге ұсынудан жалықпаймыз!

Сондықтан да, құзырыңызда алғыс һәм құрметпен бас ие отырып, Қазақстан Әзербайжандары ассоциациясы және өз атымнан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Ізгі ниет һәм құрметпен...

Әбілфас Хамедов

«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы»

Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы

Кейін қарай