Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2023

177

Талдықорғанда Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті

2023 жылғы 28 қарашада Талдықорған қаласының филармониясында Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми – практикалық конференция өтті.

Мақсаты — Қазақстанда мекен етіп жатқан өзге этнос өкілдері арасында бейбітшілікті, келісімді және этносаралық тұрақтылықты сақтау.

Іс-шараға облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері, қалалық және аудандық ішкі саясат басқармаларының басшылары, республикалық және облыстық қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдері, Жетісу облысы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен “Ассамблея жастары” РҚБ белсенділері қатысты.



Кейін қарай