15 Қараша, 2023
205
Елордада Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Астана қ. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының Орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Кафедраларының қауымдастығы мүшелері, беделді сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Кеңес отырысында спикерлер ретінде ҚХА ҒСКТөрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Директорының орынбасары Айгүл Садвоқасова, ҚХА ҒСК құрметті мүшесі, Қазақстанның Жобалық менеджерлер одағының Президенті, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Алексей Цеховой, ҚХА ҒСК Төрағасының орынбасары, «Шаңырақ» ҚХА Кафедралары қауымдастығының Төрағасы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Наталья Калашникова және Eurasian Center For People Management жобаларының жетекшісі Айман Жүсіпова қатысты.
Кездесу барысында сарапшылар тиімді этносаралық диалог пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі өзекті міндеттерді, мемлекеттің оңтүстік өңірлеріндегі этносаралық қатынастар мәселелерін, сондай-ақ «Біріктірілген ұлт» жобасының бастамасын талқылады.
Отырыс аясында саясаттанушы, тарихшы, «Ауыл» партиясы Төрағасының кеңесшісі Жандос Қарынбаев «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты кітабын жария етті.
Іс-шара соңында қатысушылар алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтіп, Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордалық Ақсақалдар кеңесінің өкілдері зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
25 Сәуір, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ