Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2022

406

Қарағандыда «Assembly CUP» I дебаттық турнирі өтті

Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ Өкілдігінің кубогына Облыстық Ассамблеяның Достық үйінде «Assembly CUP» I дебаттық турнирі өтті. Турнирдің ашылу салтанатында «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық Өкілдігінің басшысы Александр Урмашов ұйым бүгінгі таңда 6 бағыт бойынша жұмыс істейтінін, оның бірі «Social Assembly» екендігін атап өтті. Осы бағыт шеңберінде, соның ішінде жастар жобалары мен бастамаларын қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Турнирге 10 командадан 20 пікірсайысшы қатысты.

Турнир Британдық-Парламенттік форматта өтті. Турнирдің тақырыбы – «Қазақстан 2.0» болды.


Форматтың дәстүріне сәйкес турнирде талқыланған резолюциялар қызықты және өзекті болды. Турнирдің жаңашылдығының бірі болып талқыланған заң жобаларының бағыттарын қатысушылар қазылар алқасының төрағасына өздері ұсынды. Олардың ішінде: «БП Google ретінде Ресейдегі Youtube монетизацияcын тоқтатады», «БП Нағыз Махаббат омірде бірақ рет болады деген наративке өкінеді», «БП Қазақстан экономикалық байланыстарда Пост кеңестік елдерге қарағанда батыс елдеріне басымдылық беруі керек деп есептейді» деген бекітулер және ұсыныстар т.б. болды. Турнир 3 раундтан тұрды.

Турнир қорытындысы бойынша 4 – орынды «Аманат», 3 – орынды «TMQ», 2-орынды «Вечные» командалары иеленді. Турнир кубогы «Альфа және Омега» командасына бұйырды. Ең үздік спикер Бекболат Асылжан болды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар және дипломдар, ал турнир қатысушылары сертификаттар алды.

Кейін қарай