Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қыркүйек, 2020

685

Жаңа оқу жылына қарсы елордалық ҚХА 30 отбасын мектеп құралдарымен қамтамасыз етті

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 24 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп «Біз біргеміз» және «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларын өткізуде.


Қайырымдылық акциялары аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету, жетім балаларға, жаңа оқу жылына дайындық бойынша көмекке мұқтаж балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.


Қайырымдылық акцияларына Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері мен меценаттары, волонтерлері мен ҚХА мүшелері белсенді қатысты.

30-ға жуық отбасы азық-түлік жиынтықтары мен мектеп құралдарын алды.

Кейін қарай