Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Наурыз, 2024

72

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты

Елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатыстым.

Астана тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Онымен бірге, Ұлттық спорт түрлері мен ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық стильдегі экспозициялар, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптар көрсетілді.


Наурыз - терең тарихи тамыры бар көктем мен жаңғыру мейрамы. Мейрамның қазақстандықтар үшін маңызы зор. Бұл күні біз ынтымақтастық, бауырластық, жанашырлық, құрмет және патриотизм сияқты құндылықтардың маңыздылығы баса айтамыз. Наурыз –ортақ шаңырақ астында тұратын барлық этнос өкілдерінің достығы мен бірлігінің мерекесі.



Тек өзара келісім арқылы біз барлық қиындықтарды жеңіп, мықты әрі гүлденген қоғам құра аламыз.

Ұлыс оң болсын! Наурыз құтты болсын!

Марат Алмасұлы Әзілханов,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Кейін қарай