Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қаңтар, 2024

116

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ Н.ДЕМЕНТЬЕВА АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

11 қаңтарда Ақмола облысының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наталья Дементьева Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен кездесті.

Іс-шара барысында Дементьева Наталья Григорьевна қатысушыларды Мәжілісте қаралып жатқан масс-медиа, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобаларымен таныстырды.

Өзара пікір алмасу форматында өткен кездесу барысында қатысушылар мен қонақтар аталмыш тақырып аясында өздерінің бірқатар пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу соңында Мәжіліс депутаты Н.Дементьева барлық айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта міндетті түрде Парламенттегі жұмысында пайдаланатынын жеткізді.

Кейін қарай