Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2024

88

«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың Астана қаласының мектеп және студенттер парламенттерінің президенттерімен кездесуі өтті

Алғыс айту күні қарсаңында елордалық М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаевтың Астана қаласының мектеп және студенттер парламенттерінің президенттерімен кездесуі өтті.



Кездесуде қатысушылар жастар ортасындағы заманауи өзекті трендтерді, сондай-ақ жастар көшбасшыларын қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға тарту форматтарын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымы мен мектептегі өзін-өзі басқару органдарының өзара іс-қимылы бойынша бірқатар жобалар ұсынылды.



Өз кезегінде Тимур Джумурбаев Алғыс айту күнін мерекелеуде белгіленген мағыналарды түсінудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты. Ол қазақстандық қоғамның ажырамас құндылығы болып табылатын «Әралуандықтағы бірлік» қағидатының маңыздылығына тоқталды. Сұрақтарға жауап бере отырып, қатысушыларды «Ассамблея жастары» ұйымының қызметіне белсенді қатысуға шақырды.



Қатысушылар ҚХА қоғамдық құрылымымен өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесуге Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер, Астана қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің басшысы Максим Когай, ұйым белсенділері, педагогтар мен мектеп оқушылары қатысты.




Кейін қарай