Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2023

129

Қостанай облысының Белорус қауымдастығы алғашқы мерейтойын атап өтті

Мерекелік іс-шара облыстық Достық үйінің қабырғасында болды. Қонақтарды белорус халқының ұлттық киіміндегі арулар қарсы алып, тәтті тағамдардан дәм татқызды. Қонақтар алма мен ірімшік қосылған налистниктер, ет қосылған пызалар, саңырауқұлақ қосылған цыбриктер, драниктерден дәм татып, узвармен рахаттана шөлдерін басты.

Дәстүр бойынша іс-шара белорус поэзиясының фестивалі форматында өткізілді. Қостанай мектептерінің оқушылары белорус авторларының өлеңдерін орыс және қазақ тілдерінде оқыды. Барлық оқырмандарға қауым атынан сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, көрермендердің, оның ішінде Рудныйдан арнайы келген қонақтардың алдында жергілікті әртістер ән, би және аспаптық нөмірлермен өнер көрсетті.

Мереке қатысушылардың алғыс сөздерімен және ізгі тілектерімен аяқталды.



Кейін қарай