Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Сәуір, 2024

75

«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ


Астана қаласының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында Атбасар қаласына 5 миллион теңгеден астам гуманитарлық жүк көлігін жіберді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік, балалар тағамдары, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, және т.б. қажетті құрал-жабдықтардан тұрады.

Айта кетейік, Күрдтер қауымдастығының Қазақстан бойынша 10 филиалы бар. Бүгінгі күні «Барбанг» күрдтер қауымдастығының филиалдары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуде.

Кейін қарай