Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2021

1857

Оралда Ақсақалдар кеңесінің отырысы болды

БҚО ҚХА Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мәртебесін көтеру, құқықтық саяси сауаттылығын жетілдіру мақсатында кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында БҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Ысмағұлова өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Құлбарақова «2020-2021 жылдары денсаулық саласы бойынша ақсақалдар мен зейнеткерлерге көрсетілген тегін көмектер» туралы баяндады.

Ақсақалдар кеңесі Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизмді нығайтуға, азаматтық, рухани және мәдени қоғамды қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.

Кейін қарай