18 Маусым, 2020
2336
ҚХА үндеуі: Қазақстандықтар Елбасының сауығып кетуі үшін тілек білдіруде
Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа
Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуі
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Әлемге таралған коронавирус Сізді де айналып өтпегені туралы жаңалық әрбір қазақстандықтың – ел патриоттарының жүрегінде алаңдаушылық тудырды.
Өзіңіз бірнеше рет ескерткендей, індет өте қауіпті екені анықталды.
Сәуір айының басында «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақалаңызда Сіз коронавирус инфекциясының салдарынан туындайтын қауіп-қатер жөнінде халықпен ашық әңгімелесіп, «Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық» деп айрықша атап өткен едіңіз.
Бүгінгі таңда Қазақстанның барша азаматтары Сіздің тапсырмаларыңыздың толығымен орындалғанын көріп отыр – азаматтар бұрын-соңды болмаған әлеуметтік қолдау алды.
Президент Қ.Тоқаев пен ел Үкіметі халықты пандемиядан қорғау, ел экономикасы мен азаматтардың әл-ауқатын жан-жақты қолдау жөніндегі ауқымды шаралар кешенін жүзеге асырды.
Осының бәрі халқымыздың сын сағатта Сіздің ерік-жігеріңізге және кемеңгерлігіңізге деген шексіз сенімінің арқасында мүмкін болды.
Ал бүгінде бүкіл ел халқы әр тілде Сіздің сауығып кетуіңізге тілек білдіруде, барлық діндер өкілдері Жаратушыдан Сіздің аурудан айығып кетуіңізді сұрайды.
Біздің азаматтарымыздың Өзіңізге деген ақ тілегі мен жанашырлығы Сізге рухани күш пен сергектік сыйлап, аурудан айығуға көмектеседі деп үміттенеміз!
Сізге толық сауығып кетуді және елдік мұрат жолындағы еңселі істеріңізді жалғастыруды тілейміз!
Қазақстан халқы Ассамблеясы,
2020 жыл, 18 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті