Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2024

79

ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Айлардың сұлтаны болған, берекелі де кешірімі мол қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл қасиетті айды барша мұсылман жамағат асыға күтіп, таңның атысынан күннің батысына дейін ауыз бекітіп, Жаратушыға сансыз шүкірлігін айтады. Қасиетті Құранда айтылғандай мүбәрак айдың ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген игі істің, жақсы амалдың сауабы еселеніп жазылады.

Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылсын. Алла тағала әр шаңырақтың береке-бірлігін арттырып, құлшылықтарыңызды, тілеген дұғаларыңызды қабыл етіп, асыл дінімізге қуат, әр мұсылманға иман байлығын бергей.

Ізгі ниетпен,
ҚХА Төрағасының орынбасары
Акбаржон Яхияқажыұлы

Кейін қарай