Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Наурыз, 2024

101

Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласының Достық үйінде Ақмола облысы ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті.

Байқау «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру, қазақтың салт-дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап беру және өнер көрсету кезеңдерінен тұрды.

Сайыстың қорытындысы бойынша лайықты жүлдегерлер марапатталды. «Бұрымды қыз» облыстық байқауының Гран-при жүлдесін Қосшы қаласынан қатысқан Файзулла Саяжан жеңіп алды.

«Қолаң шаш» номинациясын Зеренді ауданының аруы Нұргүл Қойбазарова алса, «Жібектей шаш», «Сұлу шаш» атаулары Степногорск қаласынан келген Қаншайым Серікбай мен Жазира Зұлпиқарға бұйырды.


Кейін қарай