09 Қазан, 2020
572
Қармақшыдағы ардагерлер үйінде күн тәртібіндегі мәселелер қаралды
Қармақшы аудандық ардагерлер үйінің мәжіліс залында Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, аудандық кеңес мүшелері және тақырыптар бойынша әр саланың жауапты өкілдері қатысты.
Отырыста пандемия кезіндегі атқарылған шаралар мен дер кезінде көрсетілген медициналық көмектер, заң және тәртіп бұзушылықтар, тауарлар мен дәрі-дәрмектерге баға нарығын қадағалау секілді өзекті мәселелер талқыға салынды.
Кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары А.Жаналиев хабарлама жасап, пандемия уақытында, дер кезінде көрсетілген көмектермен атқарылған шаралар және алдағы уақытта төтенше жағдай орын алған жағдайда дайындық жұмыстары бойынша жұмыстарды баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Б.Ақтаев хабарлама жасады. Үшінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Б.Құндақбаев хабарлама жасады.
Баяндамашылар Қармақшы ауданы бойынша пандемия кезіндегі халықтың ахуалдық жай-күйі туралы талдау жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, сонымен қатар кеңес отырысында кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берілді. Айта кету керек, Қармақшы ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі жасақталған. Кеңес құрамына жергілікті мекеме басшылары, арадегерлер кеңесінің мүшелері тартылған.
Жиынды қорытындылаған Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Серікұлы айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚР Ұлттық музейінде «Наурыз - ел ұлықтаған ұлы күн» атты кешенді іс-шара өтті
25 Сәуір, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
24 Сәуір, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚР Ұлттық музейінде «Наурыз - ел ұлықтаған ұлы күн» атты кешенді іс-шара өтті