Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2024

102

ҚР Ұлттық музейінде «Наурыз - ел ұлықтаған ұлы күн» атты кешенді іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Наурыз – ел ұлықтаған ұлы күн» атты кешенді іс-шара өтті. Айтулы шараның негізгі мақсаты - түркі халықтарының дәстүрін, этникалық өнерін, салт-дәстүрін, ұлттық киімдер көрсетілімін ұсыну арқылы түркі халықтарының арасындағы мәдени бірегейлікті көрсете отырып, этномәдени мұраны сақтау мен насихаттау болып табылады.



Дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР қоғам және өнер қайраткерлері, ғалымдар және спорт шеберлері елордалық бүлдіршіндердің тұсау кесу рәсімін ұлттық дәстүрге сай, жөн-жоралғымен өткізді.



Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев, ҚР Парламентінің депутаттары Геннадий Шиповских, Алишер Сатвалдиев пен Наталья Дементьева, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрлан Шубаев, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР қоғам және өнер қайраткерлері, ғалымдар мен спорт шеберлері қатысты.




Кейін қарай