Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2020

2954

Ақмола облыстық татар-башқұрт мәдениеті орталығына 30 жыл толды

Биылғы жылы Ақмола облыстық татар-башқұрт мәдениетінің орталығы және «Ғалиябану» халықтық ансамблінің құрылғандарына 30 жыл толып отыр.

Этномәдени бірлестік өз этносының тілі мен мәдениетін сақтау мен дамытуға, жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге белсенді қатысып келеді. Орталықтың өзегі болған «Ғалиябану» халықтық ансамблі кәсіби шығармашылық ұжымы саналады, аталмыш ұжым екі жыл бұрын ЭМБ басшысы Сулькарнаев Р.С. жетекшілігімен «Халықтық ұжым» атағын алған болатын.

Мерейтойға орай «Достар» мәдениет сарайында мерекелік концерт өтті. Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдарының орындауында татар, қазақ әндері шырқалды. Мерейтой иелерін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының, «Қоғамдық келісім» КММ, Көкшетау қаласының мәдениет бөлімінің өкілдері құттықтады.

Кейін қарай