Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2020

839

Қызылорда: «Достық үшін» шарасы қорытындыланды

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Славяне қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Достық үшін» қорытынды шарасы өтті.

Шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Азамат Мукеев, облыстағы этномәдени бірлестіктің белсенділері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.


Татулық пен бірлікті нығайту мақсатында өткізілген шараны бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова ашты.

- Бес ай көлемінде барлығымыз карантин режиміне көштік. Концерттер, кездесулер, қарым-қатынас, қойылымдар тоқтатылды. Бірақ бұл үйде, туған-туыспен, жақындардың ортасында жоспарланбаған демалысты өткізуге мүмкіндік берді. Осы уақыт аралығында біз бір-бірімізге жақын бола түсіп, достықтың не екенін түсіндік. Бұл барлығымыз үшін оңай уақыт болған жоқ. Дегенмен де ынтымақтасып, қиындықтарды жеңіп шықтық, - деді.

Пандемия кезеңінде бірлестіктің мүшелері онлайн режимге көшіп, барлық шараларға, мереке, байқауларға қатысып, өз белсенділіктерін танытты.


Осы орайда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов бірлестікке достық пен татулықты берік ету жолында атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

- «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» облыстың белсенді этномәдени бірлестігі болып табылатыны баршаға белгілі. Орталық 23 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және осы жылдар ішінде достықты, бірлік пен келісімді сақтауға, нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралармен өзін көрсете білді. Осы орайда, Финансова Галина Максимовнаны 60 жас мерейтойымен құттықтағым келеді, оған мықты денсаулық және отбасылық амандық тілеймін, - дей келе «Славяне» орталығына карантин кезіндегі белсенді қоғамдық жұмысы үшін алғыс хат табыстады.

Шара аясында Алматыдағы Ресей бас консулдығы тарапынан екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастарын нығайтуға, ынтымақтастықты сақтау жолында белсенділік танытқан орталық мүшелеріне грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай