Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2022

407

Таразда Халықаралық ана тілі күніне орай түрлі этнос балалары мерекелік шараға қатысты

«Қоғамдық келісім» КММ-де «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілім – дана тілім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы этностардың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту, балаларды тек өз халқының ғана емес, елде тұратын барлық адамдардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекенің қонақтары - әртүрлі этностық топтардың жастары, №34 және №2 орта мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, № 24 мектеп-гимназиясының белсенді оқушылары. Шара барысында балалар өз тілдерінде өлеңдерін оқып, әртүрлі ойындар ойнады.


- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен үстіміздегі жыл – Балалар жылы деп белгіленгені баршаңызға аян. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді, - деді ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухаббат Турдыева.

Мерекелік іс-шараның соңында, оқушыларға алғысхаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Кейін қарай