Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қазан, 2023

215

Шортанды ауданында алғаш рет «Достық дәмі» фестивалі атап өтілді

Мамыр айында бастау алған Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ «Қазақтану» жобасы аясындағы «Достық дәмі» фестивалі бүгін, 11 қазанда Шортанды ауданында атап өтілді

Фестивальдің мақсаты - жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының деңгейін, патриотизм және туған елге деген сүйіспеншілік пен қазақ тіліне деген құрметті одан әрі нығайту.

Облыс орталығынан келген қонақтарды дәстүрлі шашумен қарсы алған аудандық белорус этносының өкілдері қазақ халқының және өздерінің салт-дәстүрлерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Этномәдени бірлестік мүшелері жергілікті өнерпаздармен бірлесе отырып, қазақтың “Беташар” дәстүрлі қазақ салтын көрсетті.

Фестиваль барысында қазақ және белорус халыкының ұлттық тағамдары көрмесі, тоғызқұмалақ және белорустың «Пуговка» ойындарынан көрініс ұйымдастырылды.


Іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Ермек Нұғыманов фестивальге қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, Ассамблея жұмысына белсенді қатысып жүрген аудан азаматтарын мекемінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, спикер ауданда тұратын өзге этнос өкілдерін, әсіресе жастарды, қазақ тілін үйренуге шақырды.

Мәресіне жеткен фестиваль қазан айының соңында қорытындаланып, іс-шараның мәні мен мақсатын толық аша білген жеңімпаз аудандар марапатталатын болады.

Облыстың 10 ауданын қамтыған осындай ауқымды фестиваль алғаш рет және тек осы облыста ұйымдастырылып, өткізілгенін айта кету керек.


Кейін қарай