Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қыркүйек, 2023

265

Республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция бойынша конференция өтті

2023 жылғы 15 қыркүйекте Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қоғамдық келісім және ұлттың әл-ауқаты: серіктестік, медиация және экономикалық белсенділік мүмкіндіктері» атты интеракция бойынша конференция өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында, Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты II отырысында сөйлеген сөздері, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты ел халқына Жолдауының аясында ұйымдастырылды.

Конференция ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған жаңа саясаттың негізгі аспектілерін талқылау үшін қоғамдық және мемлекеттік қызметтің түрлі салаларындағы қатысушыларды, сондай-ақ халықаралық қонақтарды біріктірді.

Конференцияның мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, медиация, құқықтық белсенділікті дамыту және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру негізінде үйлесімді қоғам құруға жәрдемдесу стратегияларын қолдау және талқылау. Іс-шара аталған мақсаттарға қол жеткізуге және тұтастай алғанда елдің тұрақты ілгерілеуіне ықпал ететін жаңа идеялар мен серіктестіктерді қалыптастыруға бағытталған.

Концеренцияны өзінің алғы сөзімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов ашты. Ол: «Қазіргі қарқынды дамып келе жатқан әлемде елдегі тұрақтылық пен келісім тұрақты әлеуметтік-экономикалық прогрестің негізгі факторы болып табылады. Сондықтан қоғамда этносаралық диалог пен өзара түсіністік құндылықтарын жүйелі негізде ілгерілету аса маңызды. Ол үшін азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуымен тұрақты жүйелі жұмыс қажет.

Мұндай жұмысты Қазақстан халқы Ассамблеясы жүйелі түрде жүргізіп келеді. Этномәдени бірлестіктер патриотизм мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған нақты жобаларды іске асырады», - деп айқындады.

Сонымен қатар, конференцияда ҚР МА Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г. Шойкин және «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова сөз сөйлеп, шараның қоғамдық бірлік, келісім мен ұлттың әл-ауқатының өзекті мәселелерін талқылауда маңыздылығын атап өтті.

Конференция әр тарап жағынан үздік тәжірибелерімен алмасу алаңына айналды. Қатысушылар қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу құралы ретінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің, экономикалық белсенділік пен медиацияның маңызды мәселелерін талқылады.



Кейін қарай