Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Желтоқсан, 2023

118

«ПОВОЛЖЬЕЛІК» НЕМІСТЕРГЕ 100 ЖЫЛ

20 желтоқсанда Тараз қаласы «Қоғамдық келісім» мекемесінде Жамбыл облысы немістер қоғамының ұйымдастыруымен «Ein Blick in die Geschichte» атты виртуалды мұражай клубының отырысы өтті.

​«Поволжьелік» немістер республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген отырыс жұмысына аталмыш этномәдени бірлестіктің белсенділері қатысып, оған Жамбыл облысы немістер қоғамының төрағасы Гибнер Александр модераторлық етті.

​Іс-шара «Поволжьелік» немістер республикасының 100 жылдығына арнайы жасалған презентацияны тамашалаудан басталды. Қатысушылар мен қонақтар «Поволжьелік» немістердің тарихы және тағдырымен таныса отырып, ел дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесі жайында айтылды.

​Кездесу соңында қатысушылар еркін түрде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Кейін қарай