Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2020

800

«Мектепке жол» акциясы Жамбыл облысында жалғасын тапты

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да өз жалғасын тапты.

«Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Дәстүрге айналған акцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері де атсалысты.


Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл ауданы Гродеково орта мектебіне және Талас ауданындағы Қасқабұлақ орта мектебіне күрді тілі мен қазақ тілін оқыту бойынша 300 000 теңгеге 150 дана оқулықтар, нұсқаулықтар таратып, мектепті үздік бітірген бір оқушыға 50 000 теңге көлеміндегі сый-сияпат тарту етті. Ал «Архыз» қарашай-балқарлардың облыстық филиалы аз қамтылған отбасынан шыққан 2 баланы 30 000 теңгеге мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етті.


Өз кезегінде Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды 100 000 теңгеге, облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Қордай ауданындағы Масаншы, Бұлар батыр, Сортөбе, Бәйтерек ауылдарындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы мектеп жасындағы 285 балаға 1995 000 теңгеге мектеп формасын алып берді.

Қашанда қайырымдылық жасауға жаны құштар, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын этномәдени бірлестік өкілдері мұндай акциялардың жағдайы төмен оқушылардың білім алуына деген ынтасын арттыратынына сенеді.

Кейін қарай