Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2023

161

М.ҚАШҚАРИ АТЫНДАҒЫ ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ӨЗ ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕДІ

31 қазанда Жамбыл облысының «Анаға тағзым» орталығында М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі өздерінің дәстүрлерін дәріптей отырып, “Отбасының салт-дәстүрі - ұрпақтар сабақтастығы” бағдарламасын жүзеге асырды.

Ассамблея құрылымдарының өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері шақырылған іс-шарада қонақтар қатары жастармен толығып, оған ерекше сипат берді.

Ұйғыр ұлты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға бай екені белгілі. Солардың бірі көрермендердің көңілінен шығып, кез келген адам өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі - үйлену, үй болу, шаңырақ көтеру жайлы сахналық көрініс ұсынылып, қалыңдықтың ерекше киім үлгісі, әсерлі музыка, дәстүрлі халық әндерімен қамтылып, аталмыш жиын ерекше форматта өтті.

Іс-шара аясында бірлестіктің атынан шашу шашылып, ыстық бауырсақтар үлестіріліп, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Кейін қарай