Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2024

85

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күні «Рақмет саған, Туған ел!» тақырыптық ұранымен өтті


«Күлтегін» атриумында офлайн және онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова, Евгений Больгерт, Ляззат Қалтаева, университет ректоры Ерлан Сыдыков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының басшылығы Айдар Ситказинов, университеттегі ҚХА кафедра меңгерушісі «Шаңырақ» ҚХА кафедралар бірлестігі» РҚБ төрайымы, профессор Наталья Калашникова мен әлеуметтік-азаматтық даму департаментінің директоры Жамбыл Тілепов, трансплантацияланған науқастарға арналған «Өмір тынысы» ҚБ өкілдері, ҚХА Аналар мен жастар ұйымдары кеңесінің өкілдері, университеттің магистранттары, докторанттары мен студенттік қоғамдастығы, ҚХА облыстық департаменттері мен орталықтары, Астана қ. ҚХА этномәдени қоғамдастығықатысуымен дөңгелек үстел өтті.


Ректор Ерлан Сыдықов бүгінгі мереке дәстүріне дәрігерлердің құрметіне гүл шоқтарын қоюды ұсынды. «Мен алғыс айту үшін бір күнді күтпей, әр сәт пен мүмкіндікті пайдалануды ұсынамын. Сонда береке мен бірлік, ертеңгі күнге деген сенім орнайды. Бүгінгі шара жастарға, жалпы елге үлгі болады деп ойлаймын», - деді ғалым.


Депутат Нұрия Ниязова Қазақстандық дәрігерлерге ерекше алғысын білдірді. «Мен оларды құдайдан кейінгі екінші орынға қоямын, өйткені олардың батылдығы, кәсібилігі мен адалдығы өте керемет және мағыналы. Мен қазақстандықтардың өмірін сақтап қалған дәрігерлерге құрмет көрсете отырып, бұл күнді дәстүрлі ету туралы бүгінгі идеяны қолдаймын және ол маған қатты әсер етті», - деді депутат.


Депутат Ләззат Қалтаева «Бүгін Алғыс айту күні, әр түрлі этностарды, тең мүмкіндіктерді сөз еткенде, қазақ қоғамының сан алуандығы, әртүрлі құрақтардан тоқылған кілем тәрізді екендігін айтамыз. Бұл тек этностық топтарға ғана емес, әрбір жеке адамға да қатысты», - деп пікірін білдірді.


Сонымен қатар спикерлер ретінде жүрек трансплантациясының реципиенттері Дүниежүзілік трансплантация ойындарының алтын жүлдегері Гүлмира Смайылова мен бүйрек трансплантаты, Еуропа чемпионатының жеңімпазы болып, екі баланың әкесі болған Еламан Дәулетхан шақырылды. Спикерлер өз әсерлерімен бөлісіп, өздеріне донор болған жақындарына алғыстарын білдірді.

Дөңгелек үстел соңында «Рақмет саған, Туған ел!» флешмобы өтті.


Кейін қарай