Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2020

548

ҚХА өкілдері еңбек ардагерінің үйінде болды

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы облыстың көшбасшы әйелдерімен бірге еңбек ардагері, Қызылорда облыстық "Қазақстан кәрістері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ким Лидия Алексеевнаның үйінде қонақта болды.


Лидия Алексеевна бұрын облыстық статистика департаментінің басшысы болған. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін ол корей этносының мәдениетін дамытуға, облыста достықты, бірлік пен келісімді нығайтуға белсенді қатыса бастады. Лидия Алексеевна өзінің қажырлы еңбегімен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосты. Оның еңбек және өмірлік тәжірибесі өскелең ұрпаққа үлгі екені ақиқат.

Лидия Алексеевна қызылордалықтарды алдағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен шын жүректен құттықтап, алғысын білдірді.


Кейін қарай