Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Тамыз, 2017

982

«Көңілді бастау» іс-шарасы

2017 жылғы 5 тамызда «ЭКСПО-2017» xалықаралық көрмесі аясында Ақтау қаласындағы «Серебряные пески» демалыс орнында «Көңілді бастау» іс-шарасы өтті.

Іс-шара мақсаты – «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін концерттік бағдарламада өнер көрсететін шығармашылық топ ұжымдарын жігерлендіру, көрмеге баратын спикерлерге арналған шешендік өнер сабақтарын қорытындылау.

Қатысушылар демалыс орнындағы жасөспірімдер түрлі қызықты ойындарға қатысып, елімізге танымал суретші Лавров Юрий Алексеевичтің жұмыстарымен танысты.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар мақтау қағаздары мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара ұйымдастырушылары: Маңғыстау облысы ҚХА, «ASD» киностудиясы, «Special Olimpics Қазақстан» МФ спорт клубы және «Әлем-Т» ЖШС және т.б.

Дата события ассамблеи: 07.08.2017

Кейін қарай