Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қараша, 2022

433

Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

2022 жылғы 29 қарашада сағат 11:00-де Астана қ. Достық үйінде (Б. Момышұлы көшесі, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Байқаудың мақсаты – дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру.

Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.

Салтанатты шарада «Шаңырақ – 2022» шығармашылық байқауының жеңімпаздары естелік статуэткалар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Қ. Майгельдинов, ҚХА Журналистер клубының төрағасы А. Кеңесұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, журналистер, республикалық және облыстық БАҚ тілшілері қатысады.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қоғамдық келісім» РММ.


Кейін қарай