Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2022

522

«Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусының қабырғасында өткен – «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференция аясында отандық және шетелдік сарапшылар жаһандық және жергілікті сайлау үрдістерін қарастырды, азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылады және оның сайлау үдерістеріне қатысу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін бағалады.

Шара барысында отандық сарапшылар азаматтық бірегейлік тақырыбы бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды, қазақстандық қоғамның, әсіресе жастардың саяси белсенділігінің заманауи тенденцияларын қарастырды.

Өз кезегінде халықаралық сарапшылар елдеріндегі азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Сайлау үрдістері мен азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша Конференцияға қатысушылар жаңа сайлау дәстүрлерін қалыптастырудың маңызды аспектілерін көрсететін және алдағы сайлаудың азаматтық қатысу мәдениетін нығайтудағы рөлін жариялайтын резолюцияны қабылдады.

Кейін қарай