Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Желтоқсан, 2023

160

Оралда «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Конституциялық Заңнан бастау алған Тәуелсіздігімізге биыл 32 жыл толды.

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы БҚУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен БҚО ҚХА бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті.

Конференцияның мақсаты - жұртшылыққа Тәуелсіздіктің қасиетті құндылық екендігін көрсету, ел болашағы мен халық еркіндігі туралы ғылыми тұжырымдар ұсыну.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- ҚР тәуелсіздік жылдарындағы саяси, тарихи, мәдени және экономикалық дамуының негізгі мәселелері;

- Қазақстан және әлемдік өркениет;

- Жаһандану және интеграциялану жағдайындағы Қазақстан;

- Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясаты.

Модератор: Шайхиев Тұрар Төлегенұлы - Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі.

Конференцияға БҚО ҚХА ғылыми – сараптамалық тобының мүшелері, қоғам белсенділері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ-ның өкілдері, студенттер қатысты.

Кейін қарай